Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 26-наурыз кешкілік уақытта Петропавл 2-ЖЭО-да орын алған апатқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, жылу -электр орталығында қолайсыз температуралардың кесірінен импульстік түтіктер қатып қалған. Өйткені мұржаның құлауы және сыртқы температураның төмендеуі салдарынан цех жұмысына кері әсерін тигізді.
Жылу -электр орталығындағы оқиғадан кейін 3 қазандықтың жұмысы тоқтады, деді министрлік өкілдері.