522
Петропавлдық жас велошабандоз Алексей Ваганов Душанбеде өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жерлес спортшымыз жекелей сайыста мәре сызығын бірінші болып қиды. Алексей Ваганов 24 шақырымды 31 минут, 14 секундта жүріп өткен. Ал екінші орын ирандық Мохаммад Дарзи Рамандиге бұйырды. Қола жүлдені Моңғолияның спортшысы Алтангерел Даваяргал иеленді.