Қазақстанда ҰБТ нәтижелерін бағалау жүйесіне өзгерістер енгізіледі

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде ҰБТ нәтижелерін есептеу жүйесі өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Асхат Аймағамбетов қабылданған шешім бүгінде педагогтер мен мұғалімдерге түсетін жүктемені азайтқанын атап өтті. Енді ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бойынша талдау жасап, оны мектептердің жұмысын бағалау үшін пайдалануға шешім шығарылды.

-Электронды форматқа көшу тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты біз наурыз айындағы ҰБТ кезінде қанатқақты режімде енгіздік, — деді Асхат Аймағамбетов.

Демек, мектеп бітіруші тестілеуді аяқтағаннан кейін жинаған ұпайларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар, қандай тақырыптарды білетінін және қайсысына көбірек көңіл бөліп, қосымша жұмыс істеу қажеттігі туралы талдау ала алады.

-Дәл осындай талдауды мектепке де, нақты пәнге қатысты да, аудан, облыс және жалпы республика көлемінде де жасаймыз. Бұл шешім тестілеушілерге қандай тақырыптарға назар аудару, қандай тақырыптарды күшейту керегін көруге мүмкіндік береді. Яғни сынаққа қатысушылар қазірдің өзінде өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, жеке тақырыптарға көбірек уақыт бөліп, қателермен жұмыс істей алады. Сонымен қатар мұғалімдер де оқушылардың қандай тақырыптарда қиналғанын көреді. Мектепті алатын болсақ, мысалы, математика пәні мұғалімінің оқушыларының бір бөлігі кейбір есептерді нашар шығаратынын байқауға болады. Талдау себептерді анықтауға септігін тигізеді,- дейді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz