СҚО-да 2 тау-кен металлургия комбинаты салынады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да «Ақсоран» және «Баян» вольфрам кен орындарында тау-кен металлургия комбинаттарын салу бойынша екі жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Qyzyljarnews.kz.

-Кен орны  кеңес заманында анықталды, бірақ олардың ұлттық парктің шекарасына жақын жерде болуы олардың өнеркәсіптік дамуын бастауға мүмкіндік бермеді. Өткен жылы Жер кодексіне және «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Бұл кен орындарын одан әрі игеруге мүмкіндік берді, — деп түсіндірді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмрин.

Кен орындары Айыртау ауданында, ерекше қорғалатын аймақта  орналасқан. Екі жобаны іске асыру бойынша жол карталары әзірленді. Олар өңірдің тау-кен өндіру өнеркәсібін дамытудың негізіне айналып,   137 миллиард теңге инвестиция салынады.  Комбинаттарда екі мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz