Алимент төлемей жүрген азаматтар қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Мәжіліс депутаты Мади Елубаев алимент төлемей жүргендерді қоғамдық жұмысқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы алимент төлеуден жалтарған азаматтарды жауапқа тартуды көздейді. Жалпы, берешегін өтемей жүргендердің кейбірі ғана жауап береді. Бұл мәселені шешу үшін заңнамалық базаға өзгертулер енгізу керек пе?,- деді Мади Елубаев.

Бұл ретте депутат жауапкершіліктен қашып жүргендерді қоғамдық жұмысқа тартуға болатынын айтады. Әділет министрі Қанат Мусинның сөзінше алимент төлемей жүргендердің ішінде жағдайы келмейтін азаматтар бар.

-Әрқайсысын қылмыстық жауапкершілікке тарту заңсыз. Ол үшін алдымен тергеп, анық-қанығына көз жеткізу қажет. Егер борышкерлер алимент төлеуден қасақана, әдейі қашып жүрсе, онда жауапқа тартуға болады. Оларға қандай жаза қолданылатынын сот шешеді. Қылмыстық Кодексте «қоғамдық жұмыс» деген жаза көрсетілсе, оны сот шешеді. Ондай тармақ болмаған жағдайда, оны енгізу депутаттардың қолында,-деді Қанат Мусин.

 

Жалпы, алимент төлемеген 316 адам жауапкершілікке тартылған. 159-і сотталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz