Қазақстанда алты ірі газ жеткізушіге қатысты тергеу аяқталды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда құқық қорғау органдары сұйытылған мұнай газын жеткізуші алты ірі көтерме сауда компаниясына қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

5 қаңтарда Мемлекет басшысы Бас прокуратураға бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп сұйытылған мұнай газын сатумен айналысатын компанияларға қатысты бағалық сөз байласу және өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер тұрғысынан тергеу жүргізуді тапсырған болатын.

— Сұйытылған мұнай газын сатушылар үстемдік жағдайын пайдалана отырып, ең жоғары бағаны белгілеуді көздегені анықталды , — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-не әкімшілік айыппұл салу туралы сот шешімі шығарылды. Сонымен қатар, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен «СП Қазгермұнай» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды және сотқа берілді. «Petrosun» ЖШС мен «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға қатысты іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді.

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС іс-әрекеттерінде сұйытылған мұнай газын сату кезінде негізсіз қысқарту фактілері анықталды.

— Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 193 субъектіге қатысты, оның 89-на Бас прокуратурамен бірлесіп тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нарықтағы 65 субъектінің ісінде келісілген әрекеттер және картельдік сөз байласу фактілері анықталды; Нарықтағы 45 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Салынған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы – 92 миллион теңге,- делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz