Солтүстік Қазақстанның кәсіпорындары мен компаниялары планетаның ең ауқымды «Жер сағаты» экологиялық акциясын қолдап, электр қуаты мен электр құралдарын 60 минутқа сөндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Солтүстік Қазақстан облысы жыл сайын осы акцияға қатысады. Биыл оны дәстүрлі түрде «Қазсушар», «Есіл су», «Қызылжар су» және қаланың басқа да кәсіпорындары қолдады. Сондай — ақ, Петропавлдың кейбір көшелерінде жарық өшірілді, — деп мәлімдеді облыстық экология департаментінеің өкілдері.
«Жер сағаты» акциясының басты мақсаты — адамдардың назарын планетаның ресурстарына жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға аудару. Акцияны бүкіл әлем бойынша екі миллиардқа жуық адам қолдайды.