Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, енді «Pfizer» вакцинасы барлық азаматтарға вакцинация және ревакцинация үшін қолжетімді. Солтүстік Қазақстан облысында «Pfizer» вакцинациясын егу барлық емханаларда жүргізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Pfizer» вакцинациясын тиісті құжаттарын көрсеткен жағдайда шетелге шығатын адамдарға алғаш рет және қайта вакцинациялау үшін салуға болады.
Вирусқа қарсы соңғы егу мен қайта толық вакцинация курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай болуы тиіс.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде азаматтарды КВИ-ге қарсы иммундау үшін «Sinopharm Vero Cell», «Qazvac» және «Pfizer» секілді вакциналар жеткілікті.