Тәжікстанның астанасында велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 20 жүлде бар: 7 алтын, 8 күміс және 5 қола. Бұл ұлттық құраманың Азия чемпионаттарында өнер көрсету тарихындағы ең үздік нәтижесі.
Отандық шабандоздар «элита»санатында ерлер арасында қарсыластарына дес бермеді. Ерлер арасында топтық жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшылар алғашқы үш орынды ешкімге берген жоқ.
Өткен біріншілік паралимпиада бағытында да ел үшін үлкен серпіліс болды: паравелоспорттан Қазақстан құрамасы халықаралық деңгейде дебют жасады. Кенжеғұл Сейітжан мен Мақсат Қадыров тандемде де, жекелей сында да қола медаль жеңіп алды.