Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі спартакиада аяқталды. Үш күнге шақталған жарыс 6 спорт түрінен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Спартакиаданың салтанатты ашылуы Спорт сарайында өтті. Жарыстың шымылдығын ашқан облыс әкімі аппаратының басшысы Олжас Ыдырысов қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Спорт – саламатты өмір салтын ұстанудың бірден-бір жолы. Қуантарлығы облыстық деңгейде өткізіліп жатқан сайысқа барлық аудандар қатысып жатыр. Биыл спартакиада екі кезеңнен тұрды. Алғашқысына 500-ге тарта мемлекеттік қызметші бақ сынауға келген, қазір олардың саны бір мыңға жетіп отыр. Жеңіске лайықтылар ғана жететініне сенемін, – деді Олжас Ыдырысов.

Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасының бірінші кезеңінде спортшылар үстел теннисі мен волейболдан өз араларында мықтыны анықтаған. Осы жолы қатысушылар тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шағын футбол, шахмат, жүзу сынды спорт түрлерінен бақтарын сынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz