Бүгін Қазақстанның барлық оқушылары үшін 8 аптаға созылатын 4 тоқсан басталды. Мектептер бұрынғыдай дәстүрлі форматта оқытуға көшті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мектептерде міндетті маска режімі, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, «Ashyq» жүйесін пайдалану тоқтатылды. Енді балалар бұрынғыдай тек бір кабинетте оқымайды (бастауыш сынып оқушыларын қоспағанда), пән бойынша мұғалімдердің кабинетіне барады. .
Мектеп басшылары білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.