2021 жылы СҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 641 ауызша және жазбаша өтініш келіп түсті. Олардың 58% қанағаттандырылды. Департамент қызметкерлерінің көмегімен тұтынушыларға шамамен 4,5 миллион теңге қайтарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта тұтынушылар құқығының жиі бұзылатын жағдайларының бірі — сөре мен чектегі бағаның сәйкес келмеуі. Сондай-ақ тауарды сатып алу кезінде шарт жасасуға мәжбүрлеу.
— Тауарларды сатып алған кезде тұтынушыларға кассалық чекті мұқият қарап шығуға кеңес береміз. Егер сіз кассада және сөреде немесе кассалық чекте тауарлардың қандай да бір қосымша атаулары көрсетілген бағаның бір-біріне сәйкес келмейтінін байқасаңыз, онда осы жағдайды шешу үшін дереу дүкен әкімшілігіне жүгінуіңіз керек. Бұл ретте сіз заң бұзушылық фактісінің дәлелдерін тіркеу үшін фото және бейнетүсірілім жүргізуге құқығыңыз бар. Егер сатушы бұл олқылықты ерікті түрде жоймаса, онда тұтынушы өз мүддесін қорғау үшін уәкілетті мемлекеттік органға және сотқа жүгінуге құқылы, — деді СҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ләзім Мияшева.
Pexels иллюстрациялық фотосы