Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ТЖМ басшысы Юрий Ильинмен және Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті. Министр мен өңір басшылары елдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
ТЖМ басшысы хабарлағандай, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Қардың уақытылы шығарылмауы, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар жағдайды ушықтыруы мүмкін.
Қазіргі уақытта елдің солтүстік және батыс өңірлерінде су басу қаупі байқалады. Елді мекендерді қорғау мақсатында 2017 жылы 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бағдарламаны іске асыруды жеделдетуді, келіп түскен шағымдарға жедел әрекет етуді тапсырды.
Әлихан Смайылов бұған дейін әкімдіктерге қарды, әсіресе ауылдық елді мекендерден шығарып, арықтар мен кәріз желілерін тазартып, уақытша бөгеттер салу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуге тапсырма берген болатын.
фото ашық дереккөздерден