Өңірімізде «MAGNUM» сауда желісі жұмыс істей бастағаннан бері жергілікті тауар жеткізушілерде көптеген түйткілді мәселелер пайда болды. Олардың көпшілігі бұл жайды осы сауда -саттық орындары әкімшілігінің қызметіндегі олқылықтармен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі жанында жұмыс істейтін агроөнеркәсіптік кешен комитетінің отырысында сауда желісінің сөрелеріне жергілікті тауарларды қою мәселесі көтерілді.
– Мұндағы бизнес субъектілері – біздің жергілікті өндірушілер. Кез келген супермаркетке кіргенде ең алдымен импорттық өнімнің көп екені көзге түсетіні анық. Сондықтан, көпшілік наразылықтарын білдіруде, — деді СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.
«Қазмясопродукт» ЖШС директорының орынбасары Татьяна Куликованың айтуынша, «MAGNUM» супермаркеттерінің сөрелерінде жергілікті ет-шұжық өнімдері айтарлықтай азайған.
«MAGNUM» сауда желісінің аймақтық директоры Семен Тишковец қазіргі уақытта құжаттауды электронды форматқа көшіріп жатқандарын, содан кейін бәрі реттке келтірілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол жергілікті шұжықтардың беларуссиялық немесе ресейлік өніммен қаншалықты бәсекеге қабілетті екенін сұрады.
Татьяна Куликованың айтуынша, Солтүстік Қазақстандық шұжықтар белоруссиялықтарға қарағанда әлдеқайда арзан, ал ресейлік шұжықтармен салыстырғанда, өкінішке қарай, бәсекеге қабілетсіз.
Сонымен қатар, жергілікті өндірушілер тауарларды қабылдау кезінде сауда желісінің қызметкерлеріне шағымдар жасады.
Семен Тишковец олардың сауда желісінің саясаты отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған деп сендірді, сондықтан туындаған мәселелерді талқылауға және жедел шешуге дайын екенін жеткізді.
Фото ашық дереккөздерден алынды