Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады,-деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

-Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы күндерде азаматтарымыз рухани тазарып, жан дүниесін жаңғыртады, жақсылық жасайды. Рамазан айында имандылық, жанашырлық және мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтардың қадірі арта түседі.      Исламның гуманистік идеалдары еліміздегі береке мен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін маңызды рөл атқарады.  Біз халқымыздың ырыс-ынтымағының арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басамыз,-делінген құттықтауда.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті айда  барша мұсылманның жүрегін қуаныш кернеп, жұртымыз татулық пен тыныштыққа бөлене беруін тіледі.

Фото: Ақорда

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz