Нормативтік-құқықтық актілер порталында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасының жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Яғни, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушы тасымалдаған көлік жүргізушілері әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
Айыппұл мөлшері:
-жеке тұлғалар үшін 15 АЕК немесе 45 945 теңге;
-лауазымды тұлғалар үшін 25 АЕК немесе 76 575 теңге;
-заңды тұлғалар және бизнес өкілдері үшін кәсiпкерлiк субъектiсiнiң көлемiне қарай және мүлкі тәркiленуi мүмкiн болған жағдайда 25-тен 150 АЕК-ке (76 575 теңгеден 459 450 теңгеге дейiн);
Егер де 1 жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса, онда айыппұл мөлшері екі есеге көбейеді. Бұдан бөлек, көлікті айып тұрағына қою жазасы да ұсынылып отыр.
Pexels иллюстрациялық фотосы