Электрондық-цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдаланғандар анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс прокурорлары лауазымды тұлғалардың электрондық-цифрлық қолтаңбаны заңсыз бергенін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы электрондық-цифрлық қолтаңбасын қарамағындағы бас маманға берген. Ол өз кезегінде демалыста жүрген бастығының жеке кілтін пайдаланып, автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойды.

– ҚР ҚБтК-нің 640-бабындағы 5-бөлігінде көзделген жазаға аудандық бөлімінің басшысы тартылып, оған айыппұл салынды. Дәл осындай заң бұзушылыққа жол берген облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы да жазаға тартылды. Сондай-ақ мұндай қателікті жіберген 24 азамат анықталды. Олар – Ақжар, Қызылжар, Тайынша аудандарының жергілікті атқарушы билік органдарында қызметкерлері, – делінген СҚО прокуратурасының мәліметінде.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды. Прокуратура электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа адамдарға заңсыз бергені үшін 51 750 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын еске салды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz