СҚО тұрғыны ескі үйден мылтық тауып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мамлют ауданының тұрғыны полицияға жүгініп, қараусыз қалған үйді бұзу кезінде 12 калибрлі ТОЗ-66 мылтығын тауып алғанын хабарлаған. Ол алдымен қаруды үйіне әкеліп, тазалап тығып қойған. Алайда, біраз уақыт өткесін пәлесін қорқып, құтылмақ болған. Осылайша, ауыл тұрғыны жауапкершіліктен құтылды.
— Көбінесе тіркелмеген қаруды иелері тығып ұстайды. Мысалы, наурыздың соңында Жамбыл ауданының тұрғынынан 16 калибрлі ИЖ-К мылтығы тәркіленді. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.