Енді ел тұрғындары тұратын жерін банк қосымшасы арқылы тіркей алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын полиция жұмысын цифрландыру аясында биылғы сәуір айынан бастап «Halyk home bank» мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің қанатқақты жобасы іске қосылды. Аталмыш қосымша арқылы азаматтар 5 минуттың ішінде тұрғылықты жері және уақытша тұратын жері бойынша тіркеле алады, — деді ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «халықты тұрғылықты тіркеу» тармағын таңдап, тіркеу түрі мен мерзімін, қызмет алушының мәртебесіне қатысты жолдарды толтыру қажет.
Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлгі азаматтарға ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жалғастырып жатқанын, қазіргі күні көрсетілетін 40 мемлекеттік қызметтің 38-і автоматтандырылғанын айтты.
Pexels иллюстрациялық фотосы