СҚО-да жолдарды жөндеуге 8 млрд теңге бөлінді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдардың жалпы ұзындығы 9 мың шақырымға жуық. Оның екі мыңы республикалық маңызы бар тас жол. Биыл оларды жөндеу жұмыстарына 8 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2022 жылдың басынан «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚО бойынша филиалының мамандары 49 рет тексеріске шықты. Нәтижесінде, қыста жолды күтіп ұстауға қатысты 88 бұзушылық анықталды. Кінәлі мердігерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Тексеріс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші мен «Қазавтожол» мекемесіне 44 хат жолдадық. А21 Мамлютка-Қостанай автомобиль жолының учаскелерін сапасыз ұстағаны үшін тиісті орган бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚО бойынша филиалының директоры Жолдыбай Тентеков.

2022 жылы облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 8 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бірақ мамандардың пікірінше, бұл сома жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан қазір қаржыландырудың қосымша көздері іздестірілуде.

stock.adobe.com иллюстрациялық фотосы 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz