Тоқшын ауылындағы мектепті жөндеуге қосымша қаражат бөлінеді

Авторы: Qyzyljar News

Тоқшын ауылындағы мектепте орын алған оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Төбесі опырылған акт залы Тоқшын мектеп-гимназиясының ғимаратына жапсарлас салынған. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Нәзір Жәшібековтың сөзінше, шатыр жартылай құлаған. Бүгінде білім ошағында 293 оқушы бар. Мәселе шешілгенше олар қашықтан оқымақ.

-Оқиға орнына уәкілетті органдардың басшылары барды. Мән-жайды анықтау және шара қабылдау үшін арнайы комиссия құрылды. Болжам бойынша іргетастың шөгуі және шатырдан судың ағуы салдарынан осындай жағдай орын алып отыр. Биыл әкімдік мектепті жөндеуге қосымша қаражат бөліп, мектептің шатырын, акт залы мен интернат ғимаратының шатырын ауыстыруды көздеп отыр, — деді Нәзір Жәшібеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz