СҚО өзендерінде су деңгейі көтеріледі

Авторы: Qyzyljar News

Бүгінде облыстағы гидрометеорологиялық жағдай тұрақты деп бағаланып отыр. Бірақ өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі әбден мүмкін. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, су тасқыны кезінде жедел түрде әрекет етуге құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тұратын 8 топ құрылды. Ол үшін 475 адам мен 134 бірлік техника тартылған.

— Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев, Шал ақын аудандары, сондай-ақ су басуы мүмкін 85 елді мекен ерекше бақылауда. Аталған аумақтарда 6000 нан астам тұрғын, 1872 үй бар, — деп атап өтті Мұрат Қанғожинов.

Бүгінгі таңда елді мекендерден 600 мың текше метрден астам қар шығарылды. 6 мың су өткізу құбыры, жалпы ұзындығы 300 шақырым арна мен арық тазартылды.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz