СҚО-да белгісіз аурудан бірден 15 бас мал қырылды

Авторы: Qyzyljar News

Тимирязев ауданында 15 бас мал қырылып қалды. Оның басым  бөлігі – жас төлдер, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта ауруға шалдыққан  жануарлардан алынған биологиялық материал жұқпалы ринотрахеитке, вирустық диареяға, аусылға зерттеу жүргізу үшін Нұр-Сұлтан қаласының ветеринария бойынша референттік орталығына жеткізілді.

Жалпы, ауданның 3 елді мекенінде   2 жеке шаруашылық пен бір кәсіпкердің иелігінде ауру тіркелді.   

— Шаруашылықта жеке кәсіпкердің 80 малыауырып, 15-і өлген.Иесіне ауру жануарларды оқшаулау бойынша ұсыныс айтылды. Көктем болғасын маләлсіреген, метаболизм бұзылған. Қазіргі уақытта зерттеу жүргізілуде. Нәтижелер белгілі болып диагноз қойылғаннан кейін малды сауықтыру бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады, — деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz