Ұлттық гвардия академиясы курсанттарының жаттығуы кезінде жұмысшыға оқ тиді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардия академиясының курсанттары автоматтан атып жаттығып жатқан кезде 1 жұмысшыға абайсызда оқ тиді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқу — жаттығу сәуірдің 4-і күні өткізілді. Сағат 13.00-ден кейін құм қазып жатқан жұмысшының жоқ жерде АК-74 автоматынан жарақаттанғаны белгілі болды. Оған лезде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін академия лазаретінің жедел жәрдем көлігімен қаладағы ауруханалардың травматология пунктіне жеткізілген.
Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, құм қазу жұмыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардия академиясы басшылығының келісімінсіз жүргізілген. Ойпаң жерде жұмыс істеп жүрген адамды орталық басқару пунктіндегілер байқамаған.

-Зардап шегушінің жағдай бірқалыпты деп бағаланады. Ол медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне кетті. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Баллистикалық сараптама тағайындалды, — деді академия өкілдері.

Freepik иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz