Жыл басынан бері полицейлер абаттандыру ережелерін бұзған адамдарға қатысты 1500-ден астам хаттама толтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Көктем келісімен айналамызда құрылыс қалдықтары, пакеттер мен басқа да қоқыстардың шашылып жатқанын көріп жүрміз. Кейбір аумақтарда қар кеш ерігендіктен кәсіпорындар мен жер үйлердің иелері қоқысты тазалап үлгермепті. Осы ретте тәртіп сақшылары аулаларды аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
Күн сайын 50-ге жуық инспектор облыс орталығының көшелеріне шығып, рейдтік шаралар өткізуде.
-Биыл қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 1503 әкімшілік хаттама толтырды. 1480 жеке және 23 заңды тұлға жауапқа тартылды. Заңды тұлғаларға ескерту айтылды, — деді қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садулов.
Жалпы жыл басынан облыс бойынша абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 3603 құқық бұзушы жауапқа тартылды.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен