Солтүстікқазақстандық спортшы ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында қоланың орнына алтын алуы керек еді

Авторы: Qyzyljar News

Мамырдың 2-сі мен 10-ы аралығында Грек елінің Ираклион қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додада солтүстікқазақстандық Денис Полубариянов қола медаль еншіледі. Алайда, жаттықтырушысының айтуынша қазылар алқасы жас жігіттің өнерін әділ бағаламаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, 7152.kz-ке сілтеме жасап.

17 жастағы Денис Полубаяриновтың алтын медаль алуына сәл-ақ қалған. Бірақ, төрешілер жігіттің жеңіске деген соңғы талпынастарын есептемеген көрінеді.

 

-Мәселенің басын ашып түсіндіре кетейін. Денис әлем чемпионатына дайындық барысында 145 келі көтеріп жүрді. Ал, сайыстың бірінші кезеңінде 140 келі көтерді. Егер де дайындалған салмақта өнер көрсетсе, сөзсіз чемпион атанар еді. Алайда, түрік спортшысы алғашында 150 келі, кейін 174 келіні көтерді. Жеңіске жету үшін бізге 185 килограмды еңсеру керек болды. Ол межеге жеттік. Алайда, төрешілер Денистің соңғы айналымдағы талпыныстарын есептемеді, оның алдында көтерген 181 келісін ғана есепке алды,-дейді спортшының жеке бапкері Ерік Әлібаев.

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz