Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Болат Ақшолақовты қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Министр Президентке газ саласын дамытудың кешенді жоспарының пысықталу барысы туралы баяндады. Аталған құжат халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін бағаны ұстап тұруды ескере отыра, сұйылтылған газға баға белгілеу ісін жетілдіруді, ресурстар базасын ұлғайтуды, облыстарды одан әрі газбен қамтамасыз етуді, еліміздің газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуды және кеңейтуді көздейді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министріне еліміздегі жылу энергетикалық нысандарда апаттардың жиілеп кетуіне, атап айтсақ, Петропавлдағы 2-ЖЭО-дағы жағдайға қатысты мәселені бір жақты етуді тапсырды.
Фото: akorda.kz