Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, Қазақстанның 14 облысында табиғи газ қымбаттаған. Орташа есеппен алғанда бір жылда елімізде газ құны 5,4% — ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Газ бағасы әсіресе ШҚО-да шарықтап кетті. 1 жылда 14% — ға қымбаттаған. Маңғыстау облысында 12%, біздің өңірде газ бағасы 11,7%-өсті.
Ең төменгі жылдық өсім Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Онда небәрі 0,7% — ға қымбаттаған.
Ал Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында 2%, Түркістан облысында көгілдір отын 4,4% — ға арзандады.
фото: ашық дереккөздерден