Петропавл жылу электр орталығында орын алған апаттарға байланысты жылу мен ыстық суға қайта есептеу жүргізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— «Севказэнергосбыт» ЖШС жылу және ыстық су үшін төлемді қайта есептеуді әрбір мекенжай бойынша тұтынылатын жылу энергиясы туралы деректерге сүйеніп жүргізеді. Қайта есептеу сомасы 2022 жылғы наурыздағы төлем құжаттарында жеке көрсетіледі,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Pexels иллюстрациялық фотосы