Оқуға түсіп, бірден қос диплом алуға таптырмас мүмкіндік: қыркүйекте Kozybayev University-не құжаттарды қабылдау басталады

Авторы: Qyzyljar News

Қыркүйекте Аризона университетінің жергілікті филиалына құжат қабылдау басталады. Енді студенттер оқу ордасынан бір емес, бірден екі диплом алып шығады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы университетте 2 күн қатарынан Аризона университетінің делегациясы жұмыс істеді. Меймандар Kozybayev University ұжымымен кездесіп, білім ордасының академиялық саясатын, оқу жоспарларын, түлектердің нәтижелерін қарап, оқыту бағдарламаларын дайындаумен айналысты.

Университеттің өзекті мәселелері де назардан тыс қалмады. Атап айтсақ, тарих-география, химия-биология пәндерін оқытатын ағылшын тілді педагогтардың жетіспеушілігі де айтылды. Сондай-ақ, аризоналық қонақтар жергілікті оқушылар және студенттерімен кездесіп, Америка университетінің білім беру бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірді. Шетелдегі жоғары оқу орны NASA-ның планетарлық миссияларына қатысып, астробиология, инженерия, медицина, биотехнология бойынша жобаларды іске асырады.

-Қазақстанда мұндай ауқымды жоба алғаш рет қолға алынып отыр. Сондықтан, барынша мұқият болу қажет. Білім және ғылым министрлігі, әріптестік орнатқан 2 университет пен облыс әкімдігінің арасындағы тікелей байланысты талап етеді. Сол себепті, қос дипломдық білім беру бағдарламасына дайындық жұмыстары жалғасын табады. Оған жаңа оқу жылының алғашқы студенттері қатысады деген үміттеміз, — деп хабарлады Манаш Қозыбаев университетінің баспасөз қызметі.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Илья Белов

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz