Петропавл – 2 –ЖЭО мұржасының опырылуына байланысты құрылған арнайы комиссия сараптаманың алдын-ала мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Мұржадан шығатын түтін газдарының минималды температурасын сақтамау бу қазандықтарының жұмыс режімінің бұзылуына әкелген. Мұржаның бойындағы шығатын газ температурасының төмендеу факторы «шық нүктесінің» пайда болуына және мұржаның ішкі бетінде су конденсатының қалыптасуына, ал конденсат қазандықтан шығатын газдың басқа қоспаларымен (күкірт қышқылы SO2) қосылып, қышқылдарға айналған болуы мүмкін. Қышқылдың әсер етуі бетонның мерзімінен бұрын және түтін мұржасының негізінің бұзылуына алып келді, — делінген энергетика министрлігі таратқан мәліметте.
Қышқыл, тиісінше, бетонды және құбырдың арматурасын бұзып, нәтижесінде құлауына себеп болған.
Технологиялық бұзушылықты тексеру бойынша комиссия жұмысы жалғасады.
Фото ашық дереккөзден.