Қазақстанда АЕК мен ең төменгі күнкөріс деңгейі және зейнетақының мөлшері белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Сәуір айында Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны ұлғаятыны туралы хабар тарады. Олардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі, айлық есептік көрсеткіш және ең төменгі зейнетақы негізінде есептеледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстанда 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Онда 2022 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін 20 191 теңге деңгейінде белгілеу көзделген. Қазір бұл сома 19 450 теңге.

Ынтымақты зейнетақының ең төменгі деңгейі — 48 032 теңге, жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді, айыппұлдарды, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеуге қолданылатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 180 теңгеге тең.

Ал базалық әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 37 389 теңге болмақ. Ол әзірге 36 018 теңге.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz