Облыста сүт өнімдері қымбаттады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа өңірде сүт өнімдері бағасының неліктен өскенін баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлихан Смайылов арнайы кеңесте СҚО-да сүт өндірісін дамытуға мемлекет қомақты қаражат бөлгеніне және бірнеше зауыт салынғанына қарамастан, бағаның тұрақсыздығына жол беріліп отырғанын атап өтті.

— Соңғы екі жылда Солтүстік Қазақстан облысына тауарлы — сүт фермаларын салу үшін мемлекеттен көп қаражат бөлінді. Сіз бізге бір жылда 10 ферма ашылғанын айттыңыз. Ал қазір өңірде май, айран мен ірімшіктің бағасы өсіп кетті. Бұған не себеп?,- деп сұрады Үкімет басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, өткен аптада сүт өнімдерінің баға индексі 101,9 құрады.

— Жыл басынан бері баға индексі 110,7 құрады. Республика бойынша орташа индекс-112,4. Біздің индекс екінші орында тұр. Біз мұндай көрсеткішті жыл соңына дейін ұстап тұра аламыз. Соңғы 2 жылда сүт өнімдері бойынша республикадағы ең төмен баға біздің облыста тіркелді. Бірақ есеп жүргізілген аптада айранның құны — 14,3, сүзбе – 9,5, май — 5,3 %-ға өсті. Бұған шетелден әкелінетін тауардың 76, қаптама материалдардың 30, жабдықтың қосалқы бөлшектерінің 50 пайызға қымбаттауы себеп болып отыр. Қазір бағаны төмендету бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, — деді Құмар Ақсақалов.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz