Солтүстікқазақстандық диқан тапсырыс берген техникасын ала алмай отыр

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық диқан “John Deere” компаниясынан сатып алған тракторына қол жеткізе алмай жүр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Серік Малаев былтыр қазан айында канадалық “John Deere” компаниясының ресми дилерімен техника сатып алу жөнінде келісім шартқа отырған. Қолданыста болған трактордың құны — 280 мың доллар. 86 мыңын алдын ала төлеп қойыпты. Алайда, тапсырыс берген техникасын әлі күнге дейін ала алмай әлек.

-Қаңтар айында трактор Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол Көкшетаудағы уақытша сақтау қоймасында тұр. Содан бері біз тауар белгісін рұқсатсыз пайдаланды деген желеумен оны кедендік рәсімдеуден өткізе алмай отырмыз – деп наразылық білдірді «Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев.

Ресейлік жеткізушілер тек жаңа ауыл шаруашылығы техникасын әкелумен айналысатын «Евразия Групп» дилеріне жүгінуді ұсынып отыр. Шетелдік «John Deere» және «Case» өндірісінің пайдаланылған техникасын сатып алғанда фермерлерде ылғи қиындықтар туындайтын көрінеді.

Агроөнеркәсіп кешені комитетінің мүшелері бұл жағдайларда бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу фактісі байқалады дейді. Осыған байланысты СҚО Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және бәсекелестікті дамыту агенттігіне дилерлердің нарықты монополияландыру әрекеттерін зерттеу үшін өтініш жібермек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz