Көпқабатты үй маңына шлагбаум орнатқан дұрыс па?

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы аулаларға шлагбаум орнату жұмыстары 2020-жылы басталды. Бүгінде көпқабатты үйлердің маңында 73 –і тұр. Алайда шлагбаум деген аты ғана,  кейбіреуі мүлдем істемейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Тұрғындардың айтуынша, қойылған қондырғы асыққан кезде ашылмай қалады. Техникалық талап бойынша пульпен кемі 100 метр қашықтықта жұмыс істеуге тиіс екен. Бұл кейбір автокөлік жүргізушілерінің ашуын тудыратын көрінеді. Тіпті, ыза кернеген бір тұрғын былтыр күзде Интернационал көшесіндегі   27-нші үйдің ауласындағы шлагбаумды бұрап алып тастапты.  Содан бері 8 айдай уақыт өткен, әлі қалпына келтірілген жоқ.

7e9dd005 8dfe 4ad5 805b 178a5dee8e28 203c78e6 f507 45cc 9493 f7d5abc97408

-Шыны керек, басында кішкентай балалары барлар шлагбаумның орнатылғанына  қуанды. Сырттан көлік келіп қалады деп алаңдамайтынбыз. Уақыт өте келе жұмысы  нашарлай бастағасын шлагбаумдардың біздің аулаға керегі шамалы  екенін түсіндік. Өйткені жедел-жәрдем көлігі мен өрт сөндірушілер келсе,  өте алмайды. Барлығында бірдей пульт жоқ. Оның өзі тегін берілмейді, пультті бақандай 5 мың теңгеге сатып алдық,-дейді қала тұрғыны Анна Трескина.

Қала тұрғындарының бірі шлагбаумның жұмысына қарсылық танытса, енді бірі заман игілігінің аулада тұрғаны дұрыс дейді. Айтуларынша, ол болмаса маңайға бөтен машиналар кіріп, ақыр соңында үй иелері көліктерін қоятын жер таппай қалады екен. Ал егде жастағы тұрғындар ағылып жатқан сансыз автомобильдерден шыққан газ ауаны ластап қана қоймай, денсаулыққа кері әсерін тигізеді деседі.

-Бөкетов көшесі 5 мекенжайына екі жақтан шлагбаум қойылды. Бірақ екеуі де көптен бері жұмыс істемейді. Себебін білмейміз. Әрине, аулада шлагбаумдардың тұрғаны дұрыс. Кірген-шыққан көліктер пультпен жауып жүрсе, маңайға артық ешкім кірмес еді,- дейді қала тұрғыны Келдібай Тәжібаев.

Петропавлдықтардың кейбірінен шлагбаумды өз қалауларыңызбен орнатқыздыңыздар ма деп сұрап көрдік. Көбісі бейхабар ма, әлде шынымен солай ма, оны білмедік. Әйтеуір қалалықтар сауалымызға : «Бізден ешкім сұраған жоқ, келіп шлагбаумды өздері қойып кетті деп жауап берді. Алайда, әкімдік өкілдерінің айтуынша, қондырғы қалалықтардың өтініштері негізінде ғана қойылады.

f29ffc36 bc1a 4149 bc56 e31df4b2279b

-Аулаларға шлагбаум қою жұмыстары тұрғындардың өтініштері бойынша жүргізіледі. Өтініш беру үшін ПИК басшылары жиналыс өткізеді. Тұрғындардың 100 пайызы шлагбаум қоюға өз рұқсатын беруі тиіс. Бір жағдай болып қалса, жедел-жәрдем, өрт сөндірушілер аулаға қиындықсыз кіре алады, -деді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Даниэль Саркисян шлагбаумдар автоматты түрде ашылуы қажет дейді. Яғни 24 сағат бойы бір адам арнайы бақылап отыруы кажет. Бірақ   тұрғындардың ешқайсысы бас қатырғысы келмейді. Сондықтан, кәдімгі пультпен ашылатынын орнатады.

-Төтенше жағдай орын алған кезде әр секунд маңызды. Өрттің айналаға таралуында тіпті 10-15 секунд айтарлықтай рөл атқарады. Осы сәтте техника шлагбаумнан өтемін дегенше қаншама уақыт жоғалтады. Сондықтан, жедел-жәрдем мен өрт сөндіру көлігі қиындықсыз, лезде өтетіндей жағдай жасау керек. Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, пультпен ашылып-жабылатын шлагбаумдарды орнатуға тыйым салынған,-дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Даниэль Саркисян.

Биыл да 74 шлагбаум орнатуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбек. Оның біреуі 500 мың теңге тұрады. Бірақ, өкінішке қарай қалада қыруар қаржы жұмсап орнатылғандарының көбі жай тұрғаны жасырын емес. Сондықтан босқа ақша шығындап шлагбаум орнатудың қажеті қанша деген заңды сұрақ туындайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz