Құмар Ақсақалов экономикалық маңызды нысандарды аралады

Авторы: Qyzyljar News

Өңір жетекшісі қоғам өкілдері,  кәсіпкерлер және журналистермен бірге экономикаға тың серпін беретін  кәсіпорындар мен салынып жатқан нысандарға барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі бастаған топ алдымен қағаз өнімдері фабрикасында болды.  Мұнда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Таяуда жаңа қондырғыларды орнату басталады. Жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция құйылады. 80 жаңа жұмыс орны ашылады. Фабрика 5 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр. Бұл елдің кеңсе және гигиеналық қағазға деген қажеттілігінің 16%-н өтей алады.

-Университетімізге салынып жатқан оқу-зертханалық корпусының  ғимаратының құрылысын да бақыладық.  Жаңа ғимараттың құрылысы биыл аяқталады. Зертханалар ең озық құрал-жабдықтармен жабдықталады. Бұл біздің студенттерге тиісті білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Заманауи үлгідегі ғимараттың ашылуы өңірдегі жоғары білімнің қосымша өсу нүктесіне айналады, деді облыс әкімі.

Электротехникалық зауыт өңірдегі машина жасау саласының көшбасшысына айналмақ. Жаңа зауытта заманауи еуропалық қондырғылардың көмегімен трансформаторларды жасау процесі көрсетілді. Инвестиция көлемі 10 млрд теңге. Кәсіпорында 100 адам істейді, жыл соңына дейін 200 болады, болашақта еңбеккерлер саны 300-ге жеткізілмек. Биыл 4 мың трансформатор жасап, одан әрі 13 мыңға дейін көбейту жоспарда бар. Сонымен қатар инвестор 6 млрд теңге қаржы тартып,  электр қорған қондырғыларын жасайтын тағы бір зауыт салмақ.

Бұдан соң өңір басшысы электротехникалық зауыттың қызметкерлеріне арналған үйді тапсыру рәсіміне қатысты.

-Бұл әлеуметтік жауапты бизнестің жақсы үлгісі. Кәсіпорын бос тұрған ғимаратты қалпына келтіріп, өз қызметкерлеріне арналған 40 пәтерлі тұрғын үйге айналдырды. Бүгін зауыт жұмысшылары қоныс тойын тойлады, деді Құмар Ақсақалов.

Оған қоса, инвестор 104 пәтерлі  тұрғын үйдің құрылысын да қолға алды. 216 пәтерлі тағы бір көпқабатты үй салу жоспарда бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz