Қазақстанда 1 жыл ішінде теміржол тасымалы қызметінің бағасы 1,6%-ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Наурыз айының қорытындысы бойынша бір жылда Нұр-Сұлтан қаласында пойыз билеттері 9,8%-ға қымбаттады. Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында билет құны былтырғы деңгейде.
Ал Шымкент пен Қызылорда облыстарында баға 1,5%, 2% -ға дейін төмендеген.
Айта кететін жайт, теміржол тасымалы саласындағы компаниялардың кірісі 20,8%-ға өсіп, 196,2 млрд теңгеге жетті. Оның 185,2 млрд-ы жүк, ал 11 млрд теңгесі жолаушылар тасымалынан түскен.
Фото: ашық дереккөздерден