Биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыста 20 факті тіркелді, оның 17-сі жемқорлыққа қатысты. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Келтірілген шығын көлемі шамамен 230 млн. теңгені құрады. Бүгіндері оның 147,5 млн-ы қайтарылды.
Нұрлан Жахин тұрғындар сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы 1424 Call-орталығына хабарлай алатындарын атап өтті. Немесе Интернационал көшесі, 60 мекенжайы бойынша орналасқан «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығына келуге болады. Орталық дүйсенбі мен жұма күндері сағат 09:00-ден 17: 00-ге дейін жұмыс істейді.