СҚО-да бұрынғы уран кеніштеріндегі радиациялық фон бақыланады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-дағы бұрынғы уран кен орындары қазір жергілікті атқарушы органдардың қарауында. Аумақтарды иесіз деп тану және ауылдық округтердің әкімдіктеріне беру оларды тиісті түрде қоршауға алып, тиісті белгілер орнатуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірде 2000 жылдардың басынан бері иесіз қалған консервацияланған 6 уран кеніші бар. Олар: Айыртау ауданындағы «Грачевское», «Косачинное» және «Дергачевское», «Шоқпақ», «Ақан-Бұрлық» кеніштері және Ғ. Мүсірепов ауданы Тоқсан би ауылы маңындағы атауы жоқ кеніш.

Экологтар бұрынғы шахталардағы гамма-сәулелену деңгейін үнемі өлшеп отырды және ықтимал қауіпті аумақты жабу керектігін айтты. Өткен жылы бұрынғы кен орындары ауылдық округ әкімдіктерінің балансына берілді.

— Қоршаулар, радиациялық қауіпсіздік белгілері орнатылды. Енді жергілікті атқарушы органдар радиациялық аумақта үнемі мониторинг жүргізетін болады, — деді облыстық экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz