СҚО-да құны 7 млрд теңге болатын жылыжай кешені салынуда

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық кәсіпкер заманауи жылыжай кешенін салып жатыр. Нысан өңір тұрғындарын жылына 3 мың тонна көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qyzyljarnews тілшісі.

Жылыжайдың аумағы 3,7 гектар. Нәтижесінде 60 жаңа жұмыс орны ашылады.
Іске кірісу үшін керекті құрылғылар толығымен дайын. 7 млрд теңгелік жоба «Солтүстік» ӘКК-ден алынған қарызға бой көтереді.

— Заманауи қондырғылар сапалы көкөніс өсіруге мүмкіндік береді. Мәселен, гидропоникалық жүйенің көмегімен жыл бойына көкөніс өсіруге болады. Жылыжай салынып біткеннен кейін облыс тұрғындарының сұранысын 30%-ға өтейміз деген үміттеміз. Әдетте, қарашадан наурызға дейінгі аралықта көкөністердің бағасы қымбаттап, өзге өңірлерден жеткізу қиындап кетеді. Осы уақытта тұрғындарға сапалы өнім ұсынуға тырысамыз. Әрине, құны басқа жақтан әкелінгендерге қарағанда әлдеқайда төмен болады,-деді Дмитрий Шарапаев.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz