Қазақстандық теннисші Александр Бублик швейцариялық Стэн Вавринканы жеңді

Авторы: Qyzyljar News

Александр Бублик «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, швейцариялық Стэн Вавринканы жеңді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Монте-Карло ATP Masters 1000 турнирін жеңіспен бастады.

Бірінші партияны қазақстандық теннисщі брейкпен бастағанымен, Вавринка озып кетті. Есесіне екінші ойында Александр Бублик есесін қайтарды. Шешуші партияны қазақстандық спортшы брейкпен аяқтады– 6:2.
Енді Александр Бублик жүлде қоры 5,8 млн еуроға бағаланған мастерс жарысының үшінші айналымына шығу үшін әлемнің 19-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен кездеседі. Немесе оның орнына рейтингте 66-сатыда тұрған аргентиналық Себастьян Баеспен бақ таластырады деп болжануда.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz