100 мың үшін 6 жыл: СҚО-да көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қалалық сотында көліктік бақылау инспекциясының екі қызметкеріне алдын ала сөз байласып пара алғаны үшін үкім шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сот өткен жылдың сәуір айында көліктік бақылау инспекциясының 2 бас маманы «Петропавл-Мамлютка» автожолында жылжымалы көліктік бақылау пунктінің тәуліктік ауысымында болғанын анықтады. Олар жергілікті компаниялардың біріне тиесілі Камазды тоқтатып, кәсіпорынның ауыр жүк машиналарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету және жалпы қамқорлық көрсету үшін 100 мың теңге пара талап еткен.

— Прокурор мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл мерзімге қамау түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәсін толық мойындады және іс-әрекеттеріне өкінетіндерін білдірді. Сот осыны ескерді, дегенмен қабылдаған антын бұзғаны ауыр күнә деп танылды, — делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот инспекцияның екі қызметкерін мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл мерзімге соттады. Былтыр ақпан айында көлік бақылау инспекциясының тағы бір қызметкері шетелдік тасымалдаушыдан 1,5 млн теңге пара алғаны үшін сотталған болатын.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz