Петропавлда саяжай қауымдастықтарында өрт шықты

Авторы: Qyzyljar News

12 сәуірде Петропавлда «Ренет» және «Весна» саяжай бірлестіктерінің аумағында шөп өртенді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өрт орнына  қаладағы өрт сөндіру бөлімшелері дереу жетіп, ауыздықтауға кірісті. Бірақ жел күшейіп, Кировец 3, Весна, Құрылысшы, Жемчужина кооперативтерінің иесіз саяжай учаскелерін де шарпыған. Қазіргі кезде өрттің жалпы аумағы-10 гектар.

– Өрт болған жерде СҚО ТЖ департаментінің барлық бөлімшелері жұмылдырылды. Бұл 70-тен астам қызметкер мен 12 бірлік техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 8 су тасығышы да жетті. Желдің  екпіні және кірме жолдардың тар болуыжұмысты қиындатып отыр. Өрт 21 сағат 4 минутта ауыздықталды, деп хабарлады СҚО ТЖД.

Өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр, зардап шеккен саяжайлар саны нақтылануда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz