Жұмыс іздеу және қызметкерлерді іріктеу бойынша hh.kz онлайн-платформасы қазақстандықтар талап ететін жалақы мөлшеріне шолу жасады. Кестеде әр өңірдің тұрғындары өз еңбегін қаншаға бағалайтыны көрсетілген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Шолуға сәйкес елордалықтар орташа есеппен 260 мың теңге жалақы алуға ниетті. Атыраулықтар айына 230 мың теңге алғысы келеді екен. Алматы қаласындағы көрсеткіш 190 мың теңгені құрады.
Ал Петропавл, Қостанай, Талдықорған және Тараз қалаларының тұрғындары орташа есеппен 140-150 мың теңгені қанағат етеді.
Фото: ашық дереккөздерден