М. Қозыбаев атындағы СҚУ мен Аризона университетінің мамандары жаңа білім беру бағдарламаларын дайындауда

Авторы: Qyzyljar News

Kozybayev University мамандары мен аризоналық оқытушылар жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Біздің басты мақсатымыз-білім беру бағдарламасының сапасын жақсарту. Мектеп бітірген талапкерлер басқа жаққа кетпей, өзіміздің университетте оқып, білікті маман атанғанын қалаймыз. Сол үшін америкалық әріптестерімізбен қос дипломдық жоба бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз. Солтүстік өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып, агротехникалық және инженерлік бағыттарға ден қоямыз. Қазіргі таңда университет оқытушылары мен Аризона өкілдері агрономия мен қолданбалы биотехнология бойынша алғашқы бағдарламаларды жасауды қолға алды,- деді университет ректоры Ерлан Шұланов.

Сонымен қатар, ректор солтүстікқазақстандық 200 оқытушы ағылшын тілінде еркін сабақ беріп, ғылыми жобаларды қиындықсыз жазуы үшін арнайы оқытудан өтіп, білімдерін жетілдіретінін атап өтті.

Педагогтар заманауи цифрлық білім беру технологиялары бойынша білім алатын болады. Әрі 50 оқытушы тағылымдамадан өтеді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz