Петропавлдағы әлеуметтік бейімдеу орталығында бір келі макаронды 18 миллион теңгеге сатып алмақ болған

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығында бір келі макаронды 17 776 750 теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алайда, бұл іске сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары араласып, жолын кесті. Мекеме қызметкерлері тауардың келісі 250 теңге тұратын азықты 23 250 теңгеге сатып алмақ болған. Бұл ақпарат 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізу барысында анықталды.

-Мониторинг барысында департамент сарапшылары  мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды. Бұл тексерістің өзіндік артықшылығы бар. Яғни, жүйеде тауарға тапсырыс берушілердің бағалары басқа өңірлермен салыстырғанда қаншалықты жоғары екені көрсетіледі,-деді СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Жыл басынан бері облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің араласуымен 24 мемлекеттік мекеме бағаны төмендетіп, қайтадан конкурс ұйымдастырды.
Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz