СҚО-да ауылдық округ әкімдігі 1 тонна көмірді миллион теңгеге сатып алмақ болған

Авторы: Qyzyljar News

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  қызметінің мамандары Ақжар ауданына қарасты Айсары ауылдық округі әкімі аппаратының 48,1 млн. теңге  бюджет қаражатын  тиімсіз жұмсауына жол бермеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мемлекеттік орган алдағы жылыту маусымына тоннасына 933 812 теңге төлеп, 52 тонна көмір сатып алуды жоспарлағанын мәлімдеді. Яғни, бағаны нарықтағы құнынан бірнеше есе өсіріп жіберген.

Жыл басынан бері облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жоспарланған сатып алу бағасын көтерудің 32 фактісін анықтады. Фактілер бойынша 24 мемлекеттік органда баға  дұрысталып,  600 млн теңгеге жуық қаржы сақталды.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz