Биыл көктем 10 күнге ерте келді

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Солтүстікте күн наурыздың соңына қарай ақырындап жылына бастады. Ауа температурасы былтырғыдан 9-10 күнге ерте көтерілді. Теріскейге көктемнің ерте келуі туралы «Қазгидромет» РМК филиалы директорының орынбасары Наталия Левина брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Күннің жылуына байланысты қар да тез еріп кетті. Ендігі кезекте сәуірдің екінші онкүндігінде сынап бағанасы 15-20, ал айдың үшінші онкүндігінде 18-23 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

— Жоғары ауа температурасы мен жауын-шашынның аз болуы өрт қаупін арттыруы мүмкін. Ал желдің күшеюі өрттің тез таралуына әсер етеді, — дейді Наталья Левина.

Алдын ала болжам бойынша, мамырда ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады деп күтілуде. Күн суытуы да мүмкін.

-Сәуірден мамырға дейін жауын-шашын көбейеді, найзағай соғады деп күтілуде. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері қалыпты болады. Әрі жиі, қатты жел соғады деп болжануда,- деді Наталья Левина.

Маусымда ауа температурасы құбылмалы болады деп күтілуде. Шілде және тамыз айларында ауа температурасы нормадан бір-екі градусқа жоғары болады деп болжанып отыр.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz