Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мемлекеттік аппарат қызметкерлері үшін түзету мекемелерінде «саяхат» ұйымдастырды. Бұл жолы «ЕС-164/1» мекемесінің камераларын СҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері көріп қайтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Түзету мекемесіне Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерін шақыру бекер емес. Былтыр көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 2 қызметкер сотталды. Биылғы жылдың сәуір айында СҚО КБИ екі маманы пара алғаны үшін әрқайсысы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Нұрлан Жахин сыбайлас жемқорлыққа барғаны жасағаны үшін айыпталған шенеуніктер атқарып отырған қызметтері мен дәрежесіне қарамастан, заңның барлық қатаңдығы бойынша жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.