СҚО-да ауыл тұрғыны мәйітті «көшіріп жіберген»

Авторы: Qyzyljar News

Елді елең еткізген жағдай Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишим ауылында болған. Аудан орталығының тұрғыны Игорь Лазарев жергілікті кәсіпкерлердің бірі туыстарының қабіріне баратын жолға кедергі келтіреді деп, әкесінің қабірін басқа жерге ауыстырғанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Игорь Лазаревтің айтуынша, оның әкесі 2021 жылдың 11 қыркүйегінде атасы мен әжесінің қасына жерленген. Жерлеу рәсімінен кейін оған жергілікті кәсіпкер қоқан-лоқы көрсете бастапты. Ол Лазеревтен әкесінің денесін басқа жерге жерлеуді талап еткен. Өйткені қабір оның туыстарының басына баратын жолды жауып тастаған көрінеді.

-Кәсіпкер ұлының мәйітінің қасына ешкімді көмуге болмайтынын айтты. Әйтпеген жағдайда, әкемнің сүйегін қазып алып, басқа жерге шығарып тастайтынын ескертті. Сәуірдің 11-і күні зиратқа барып едім, әкемнің жерленген жерін таба алмадым. Шамамен 6 метр жерде жаңа қабірдің пайда болғанын, оның басына әкеме қойылған крест орнатылғанын көрдім. Алайда, әкемнің сүйегінің ол жерде екеніне күмәнім бар,-дейді Игорь Лазарев.

Аудандық полиция бөлімі бейне үндеуге жедел жауап берді.

— Бұл факті Ғабит Мүсірепов ауданының полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 314-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде. Қажетті іс — шаралар жүргізілгеннен кейін заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады, — деді аудандық полиция бөлімінің өкілдері.

Фото: Игорь Лазаревтың Facebook парақшасындағы видеодан (скриншот)

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz